2 Мамыр 11:43

Прокурор сотта Салтанат Нүкенованың өліміне әкелген гематоманың көлемін көрсетті

Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөз басталды.

Алматы, NEGE. Сотта жарыссөзді прокурор Айжан Аймағанова бастады.

Мемлеккттік айыптаушы 70 мл гематоманың өзі өлімге алып келетінін атап өтті. Ал Салтанат Нүкенованың басынан 230 мл гематома анықталған. Айжан Аймағанова бұл жағдайдың қандай болатынын сотта мысалмен көрсетті.

«Сарапшы көлемі 70 мл болатын гематоманың өзі қауіпті екенін айтты. Адам өлуі мүмкін. Салтанатта көлемі 230 мл гематома пайда болды. Қаншама қан миды сығып тұрды. Салтанаттың қандай азапты басынан өткергенін елестетіп көріңіздер», – деді прокурор.