10 Сәуір 15:51

Құлсары қаласының қазіргі күйі қандай?

Құлсары
Фото: Азаттық радиосы

Азаттық радиосы Атырау облысындағы Құлсары қаласының қазіргі күйі көрсетілген видеоны жариялады.

Алматы, NEGE. Тасқыннан қатты зардап шеккен қалада қалған тұрғындар суға кеткен үйлерін қарайлап жүр.

Ресми мәлімет бойынша, Құлсарыда 31 ықшам ауданның он шақтысын су басқан. Шамамен 2600 үй су астында қалған.