6 Желтоқсан 16:19

Келесі жылы баспана бағасында қандай өзгеріс болуы мүмкін – сарапшы пікірі

Фото:

Келесі жылы баспана бағасы қымбаттай ма, әлде құлдырай ма? Бұл сауалға Қазақстанның Риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. «Жыл соңына дейін арзандаған тұрғын үй бағасының қайтадан көтерілуі мүмкін емес. Ал келесі жыл қандай болмақ? Келесі жыл күрделі болады. Көп жайт жылжымайтын мүлік нарығы мен құрылыс саласына жауапты мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне байланысты», - деді Нина Лукьяненко агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Осы орайда, сарапшы көптеген құрылыс компанияларының бірқатар жобасы жұртшылық назарын аудартқанын атап өтті.

«Бұл дұрыс та. Алматы қаласы мен Алматы облысында қолданыстағы заңнама талаптарына сай салынбаған нысандарды сүру немесе жартылай сүру туралы қаулыларды көрдік. Олардың саны 40-қа жуықтайды. Мұнан бөлек, мемлекеттік органдар құрылыс компаниялары құрылыстарының норма талаптарына сәйкестігін тексеруді қолға алды. Демек, жыл ішінде ұсыныстар санының төмендеуі, сатып алушылардың салынып жатқан нысандар бойынша келісімшарт жасасуда барынша сақтық танытуы байқалады», - деді ол.

Сонымен қатар ол баспана бағасының күрт арзандауына да еш алғышарт жоқ екендігін айтады.

«Бағаның күрт құлдырауына еш алғышарт жоқ. Жоғарыда атап өткен жайттарды ескерсек, бағаның айтарлықтай көтерілуі де болмайды. Бағаға ықпал етуін жалғастырып отырған инфляцияны да қаперден шығармаған жөн», - деді Нина Лукьяненко.

Тегтер: