2 Сәуір 11:56

«Қазгидромет» басшысы әкімдіктерге су тасқыны болатынын қыста ескерткенін мәлімдеді

ТЖМ
Фото: ТЖМ

«Қазгидромет» өңірлерде су тасқыны болатынын алдын ала ескерткен. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы үкіметте «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева мәлімдеді.

Бас синоптик Данара Әлімбаеваның айтуынша, олар желтоқсан айынан бастап Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупінің жоғары екенін білген. «Қазгидромет» желтоқсаннан бастап су басу қаупі бар өңірлер болатынын ескерткен. 

«Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Оның үстіне, наурыз айынан бері 100-ден астам дауылды ескерту жасадық», - деді Данара Әлімбаева.