2 Мамыр 10:16

Қазгидромет 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Ауа райы
Фото: ғаламтордан

Қазгидромет 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. «ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онымен шығыста жаңбыр жауады, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейеді, найзағай, оңтүстік-шығыста – бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста – тұман», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 1-3 градус үсік жүреді. Ал Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі жоғары.