15 Сәуір 17:59

«Қазақтелеком» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда

Су тасқыны
Фото: Фото: Қазақтелеком

Ірі телеком-оператор өңірлерде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл жолы «Қазақтелеком» құтқару және жүзу құралдары, құрал-сайман, құм-топырақ, су соруға арналған мотопомпа мен тағы басқа қажетті заттарды сатып алуға тағы 30 миллион теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ірі телеком-оператор су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 1 миллиард теңге аударған болатын. Қаражат қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» тобына қарасты компаниялардың қаражатын жинақтайтын Samruk-Kazyna Trust-қа жіберілді. «Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың мәліметінше, бүгінде осы құрылымда шамамен 15 миллиард теңге жинақталған. Материалдық көмектен басқа, Қордың портфельдік компаниялары мен еншілес ұйымдары жергілікті әкімдіктер және төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, техникасын ұсынуда, нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге көмектесіп жатыр.

Көмек
Фото: Қазақтелеком

«Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап барлық өңірлерде компания филиалдарының жанынан жедел штабтар, апаттық-қалпына келтіру топтары құрылып, олар тез әрекет етуі үшін байланыс-орталықтар ұйымдастырылды. Қажет болған жағда жедел штабтар тиісті учаскеге қосымша күш пен құрал-сайман жібереді. Бұдан басқа, резеңке қайық, су өткізбейтін комбинезон, құтқару құралдары, құрылыс материалдары, су соруға арналған мотопомпа мен басқа да керек-жарақты сатып алу үшін тағы 30 миллион теңге бөлеміз деп шештік»,- деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

су тасқыны
Фото: Қазақтелеком

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жіберу үшін компанияның жер-жердегі филиалдары мен өкілдіктері жанынан бірінші кезекте қажетті заттар, жылы киім, құм-топырақ, азық-түлік және т.б. жинау пункттерін ашты. Расымен де, үйін су басқан тұрғындар баспанасыз, үйсіз-күйсіз қалып отыр, ауылдарда мал қырылды. «Үлкен су» таяғанда тұрғындар шұғыл түрде үйлерін тастап бас сауғалап қашты, кей жағдайда құжат пен телефоннан басқа зат ала алмай қалған. Бүгінде телеком-оператор бірнеше көліктен тұратын жүктің алғашқы партиясын арнайы тарату орталығына жіберді.

«Біздің қызметкерлер су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетіп, өңірлерде тілсіз жаумен күресіп жүрегн құтқарушыларға адамдарды қауіпсіз жерге көшірісіп, зардапты жоюға көмектесіп жатыр. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен облыстарда біздің қызметкерлер күшейтілген жұмыс тәртібіне ауыстырылды, мұнда су басқан елді мекендегі жағдай туралы ең өзекті және жаңа ақпарат тұрақты негізде келіп түседі. Сонымен қатар, компанияның техникалық мамандары су айдау үшін мотопомпаларды, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымды және елді мекендердің басқа да жүйелерін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін дизель-генераторларды су басу қаупі бар орындарға жеткізеді», дейді «Қазақтелеком» АҚ «Желі» бірлестігі» дивзионының Бас директоры Самат Туғанбаев.

Көмек
Фото: Қазақтелеком

Айта кетейік, бұған дейін компания үйлері батып кеткен және өз елді мекенінен қауіпсіз жерге көшірілген «Қазақтелекомның» клиенттерінен төтенше жағдай кезеңінде абоненттік төлем, берешек пен өсімпұлды алмау туралы шешім қабылдаған болатын.

2022 жылғы қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар кезінде де «Қазақтелеком» өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін бірқатар кешенді іс-шараларды қолға алған болатын. Ол кезде бөлшек және корпоративтік сегменттерде абоненттерге түрлі жеңілдіктер, тегін қоңыраулар берілген еді, әрі қазіргідей төтенше жағдай кезеңінде абоненттік төлемді есептен шығару жөнінде шешім қабылданған еді.