23 Сәуір 05:49

Қазақстанда Tik-Tok желісіне тыйым салына ма?

ТикТок
Фото: ғаламтордан

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін ілеспе заң жобасын мақұлдады.

Алматы, NEGE. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Қазақстан көрші елдердің тәжірибесін назарда ұстап отыр.

«Тік Ток желісінде көбінесе балалар отырады. Ол жерде түрлі сөздер айтылады. Тіпті, адамдар бал ашып, болжаймын деп ақша жасайды. Кез келген мемлекетте бір жағдайға ғана қарап шешім шығармайды. Комплексті қарап, комплексті түрде игеріп барып қана шешуге тырысады. Көрші елдер қабылдап жатқан шешімді біз де ескеріп, тақырыпты игеріп, саралап көреміз. Қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық фактілер көбейіп кеткен. Оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал тигізсе, әлбетте осындай шешім қабылдауға тура келеді. Бұл мәселесі әлі қарастырып жатырмыз. Талқылаулар әлі жүргіземіз», - деді Аида Балаева.