19 Сәуір 11:28

Қайпанов пен Батырмұрзаев Бішкектегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Бішкектегі турнир
Фото: Olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде екі қазақстандық балуан жартылай финалға жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Еркін күрес шеберлері, 44 келідегі Нұрғожай Қайпанов ширек финалда пәкістандық балуанды, 125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев қырғызстандық балуанды мерзімінен бұрын жеңді.

Енді спортшылар жартылай финалда белдеседі.

Бішкектегі іріктеу турнирі 19-21 сәуір аралығында өтуде.