10 Сәуір 15:21

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа қылмыстық істің тергеуі аяқталды

Гүлмира Сатыбалды
Фото: ғаламтордан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Істі процеске қатысушылар қарап жатыр, одан кейін іс сотқа жолданады.

Бұл жолы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі адамды заңсыз бас бостандығынан айырды, аса ірі көлемде бопсалады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, өткен жылы сот Гүлмира Сатыбалдыны бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру ісі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырған болатын. Мемлекетке келтірілген шығын 441 миллион теңге.

Сондай-ақ сот оған 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салды.

Қазір Гүлмира Сатыбалды қамауда отыр.