9 Ақпан 19:23

Күн қайта суытады: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото:

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның үш қаласындағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн қайта суытады. 

Республиканың оңтүстігі мен шығысында қар жауады, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр мен қар түсуі мүмкін. 

Тек Қазақстанның батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республикада, болжам бойынша жел күшейеді, тұман, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Тегтер: