9 Ақпан 18:12

Айбек Барысов депутатқа үміткер болып тіркелді 

Фото:

«Qazaqstanda Jasalğan» экономикалық ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі Айбек Барысов Алматыдағы №5 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша кандидат ретінде тіркеуден өтті.

Алматы, NEGE. Өзін-өзі ұсынған 45 жасар кәсіпкер Айбек Барысов – қорғаныс-өнеркәсіп кешен кәсіпорындар Қауымдастығының басқарма төрағасы, сондай ақ, ТМД елдеріндегі бронетранспортер шығаратын бірден-бір компания «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС құрылтайшысы және автоматтандырылған өртті басқару жүйесін өндіретін «Weapon System Engineering» ЖШС негізін қалаушысы.

Естеріңізге салайық, Алматы қаласының №5 сайлау округінен елімізге танымал бірқатар белгілі адамдар бақ сынауға бекініп отыр. Сондықтан бұл округте бәсеке өте жоғары болмақ.

Тегтер: