31 Наурыз 15:31

ЕАЭО статистикасы: Қазақстанда кедейлік деңгейі төмендемеді

әлеуметтік жағдай
Фото: ғаламтордан

Еуразиялық экономикалық комиссия 2018-2022 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақ халқының өмір сүру деңгейі туралы статистикалық жинақты жариялады.

Алматы, NEGE. 2021 жылмен салыст рғанда, 2022 жылы ЕАЭО-ның барлық елінде орташа айлық жалақы өсіп, мынадай болған:

Арменияда – $541
Беларусьте – $623
Қазақстан – $673
Қырғызстан – $316
Ресей – $969
Кедейлік деңгейі төмендеген:

Арменияда 1,7 п.п.
Беларусьте – 0,2 п.п.
Қырғызстанда – 0,1 п.п.
Ресейде – 1,2 п.п.
Қазақстанда өзгеріссіз қалды.

Айына жан басына шаққандағы өмір сүру құны Қырғызстанда 7,3 мың сом (86 доллар) мен Ресейде 13,9 мың рубль (198 доллар) аралығында болды.

Үй шаруашылықтары шығыстарының құрылымында ең көп үлес азық-түлікке тиесілі. Ол Ресейдегі 32,9% бен Қазақстанда 51,2% аралығын қамтыды.

Көлік, ақпарат және байланыс бойынша Арменияда 2,9%-дан Ресейде 18,7%-ға дейінгі аралықта болды.

Шығын құрылымындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен отынның үлесі Қазақстанда 7,3%-дан Арменияда 19,9%-ға дейін өзгерді.