4 Мамыр 15:45

Бишімбаев пен Байжановтың сотта соңғы сөзін айтатын күні белгілі болды

Бишімбаевтың соты
Фото: Жоғарғы сот

Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Алматы, NEGE. Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.

Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).

Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

Сотталушылардың соңғы сөзі 2024 жылы 6 мамырда, сағат 10:00-де өтеді.