6 Мамыр 16:08

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Жаслан Хасенұлы Мәдиев
Фото: gov.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Жаслан Хасенұлы Мәдиев 1983 жылы 13 маусымда дүниеге келген. 2004 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2007 жылы – «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін тәмамдаған. Мамандығы- экономикалық саясатты басқару.

2004-2006 жылдары – «Альянс Банк» АҚ-та маман, жетекші маман, бас маман, борышкерлік құнды қағаздар бөлімінің басшысы.

2007 жылы – Лондон қаласындағы "Morgan Stanley" инвестициялық банктің құнды қағаздар және облигациялар сату департаментінде қызмет еткен.

2007-2008 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның корпоративтік қаржылар департаменті бас менеджері.

2008 жылы – ҚР Президенті әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және сараптама орталығының сарапшысы.

2008-2009 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, қазынашылық департаменті директоры.

2009-2010 жылдары – «Kazyna Capital Management" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары – «Ұлар-Үміт» ЖЗҚ, «Жетісу» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

2010-2014 жылдары – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары – Ұлттық банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары – «Ұлттық Инвестициялық Корпорация» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылы – ҚР Премьер-министрінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің кеңесшісі.

2017-2019 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті.

2019 жылы – Қазақстанның Экономика вице-министрі.