9 Мамыр 10:14

Алматыдан Қытайдың Сиань қаласына пойыз қатынайтын болды

Поезд
Фото: 24.kz

Қытайдың тарихи қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы аттанады, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Сиань-Алматы бағытындағы теміржол көлігімен туристер қатынайды. Жоба Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы аясында жүзеге асырылмақ.

Техникалық мүмкіндіктер нақтыланса, халықаралық пойыз Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүреді. Шаһарға жеткен соң «Алматы-2» вокзалында бірнеше күн тұрақтайды.