24 Сәуір 15:10

Алматыдағы автобус апатына қатысты сот отырысы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр

Алматыдағы автобус апаты
Фото: Фото: из открытых источников

Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Бүгін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысы тікелей эфирде Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көрсетіледі.

«Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.