4 Мамыр 16:54

Алматыда Жеңіс күні қандай іс-шаралар өтеді?

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

9 мамырда сағат 09:30-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу аясында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылады. ҰОС ардагерлері осы салтанатты рәсімге қатысады.

Алматы, NEGE. Сағат 10:00-де саябақ алаңында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Қазақстандық әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдан әндері мен әуендерін орындайды.

Қала бойынша ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтары қойылады. Құрметті қонақтар қатарында – ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері мен әскери қызметшілер.

Оқушылар мен студенттер «Ерлік сабақтары» тақырыптық іс-шараларына қатысады.

Онлайн форматта арнайы платформада «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») акциясы өтеді.

Алматы қаласының әкімі, оның орынбасарлары мен аудан әкімдері жастарының ұлғаюына байланысты естелік акцияларына қатыса алмайтын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін үйлеріне барып құттықтайды.