7 Мамыр 18:47

Алматыда көшеде учаскелік полицияның қызметтік көлігіне ағаш құлады

ағаш
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Алматыда көшелердің бірінде патрульдік көлікке құлаған ағашың видеосы тарады. Деректерге сай бірнеше күндік жаңбырдан соң ағаштың тамыры шіріп босаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Деректерге сүйенсек, оқиға Нүсіпбеков көшесінде болған. Апта бойғы жауын-шашынның көп түсуіне байланысты көптеген ағаштардың тамыры әлсіреп, шіріп тұрғандары бар. Салдарынан олардың бірі тұрақта тұрған көлікке, атап айтқанда учаскелік полицияның қызметтік көлігіне құлаған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері бірден әрекет етіп, ауыр зардаптардан қашқан. Қала қызметтері оқиғаның салдарын жоюға кіріскендерін жеткізді.