10 Мамыр 16:40

Алматыда Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөз басталды

Армения Сыртқы істер министрлігі
Фото: Армения Сыртқы істер министрлігі

Алматыдағы Достық үйінде Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөз басталды.

Алматы, NEGE. Екі елдің министрлері ұсыныс үшін президентке және жылы қабылдағаны үшін министрге алғыстарын білдірді.

Әзербайжан мен Армения елдерінің Сыртқы істер министрліктерінің Алматыдағы келіссөздері екі күнге созылады. Армения мен Әзірбайжан егемендік пен аумақтық тұтастық қағидаттарын құрметтеуге негізделген бейбіт келісімге келу ниетін мәлімдеді.

Жақында Баку мен Ереванға жасаған сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев тараптарға келіссөз алаңын ұсынған болатын.

Министрлер кейінірек баспасөз мәлімдемесін жасайтыны белгілі болды.