10 Мамыр 18:06

Ақтөбе облысында заңсыз жүрген шетелдік азаматтар елден шығарылды

Полиция
Фото: Полиция

“Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақтөбе облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ел аумағында заңсыз жүрген 100-ге жуық шетелдікті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласының аумағында жақын шетел азаматтары жеке басын анықтайтын құжатсыз құрылыс объектілерінде заңсыз жұмыс істеген. Полициямен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Іс-шара барысында заңсыз жүрген 100-ге жуық шетелдік азамат анықталды. Қазіргі уақытта сот органдарының шешімімен 61 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды. Оның ішінде көші-қон полициясы қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ шетелдіктерді консулдықтар арқылы құжаттандыра отырып, еліне қайтару жұмыстарын жүргізді.