5 Мамыр 02:11

Алматы облысында мал ұстау талабын бұзған адам жауапқа тартылатын болды

Мал өсіру
Фото: видеодан

Instagram әлеуметтік желісінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі, Қырғауылды ауылында санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларын өсіріп жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. «Тексеру жұмыстарының барысында бұл жағдай жеке тұлғаның ауласында болғаны, ол жерде 60 бас шошқа, 30 бас жылқы 3 бас ірі қара бар екені анықталды. Бүгінгі күні аталған ауыл шаруашылық жануарларының ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын брдейлендіру (АШЖБ) базасында мал иесінің атында 10 бас шошқа, 3 бас мүйізді ірі қара, 7 бас жылқы ғана тіркелген. Осылайша, «Ветеринария туралы» заңының бұзылуы байқалады, яғни, жануардың иесі ауыл шаруашылығы жануарын сатып алу/туу фактісін тіркеуге және тиісті рәсімдерді жүргізуге міндетті»,-делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, үй жануарларын ұстау, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру бойынша қағидаларды әзірлеу, оның орындалуын қадағалау жергілікті атқарушы органның құзырына жатады.

Осы ретте, 2023 жылы профилактикалық іс-шаралар жоспарға сай жүргізілген, яғни тіркелген мал пастереллезге, сібір жарасына, қарасанға, аусылға қарсы вакцина алған. Ал тіркеуде жоқ малдарға байланысты диагностикалық тексерулер жүргізілмеген. 2024 жылдың ветеринариялық іс-шаралары жоспарға сай алдағы айларда жүргізілетін болады.

Видеода көрсетілген жағдай бойынша Іле ауданы, Междуреченск ауылдық округінде орналасқан зооқорғаушының жеке мал ұстау орны тексерілді.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес малдың иесі оны сатуға келіскен. Мал ұстау нормаларын сақтамағаны үшін мал иесі әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

«Сонымен қатар, видеоны тарату барысында өлген мал мен басқа үй жануарлары бірге тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тексеру барысында өлген малдың денесі табылған жоқ. Сол себепті, жалған ақпарат таратпауға, сонымен қатар тек ресми ақпаратқа жүгінуге шақырамыз», делінген министрліктің хабарламасында.