5 Мамыр 10:54

Лионель Месси MLS-те екі жаңа рекорд орнатты

Месси
Фото: elgrafico.com.ar

«Интер Майами» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси «Нью-Йорк Ред Буллз» клубымен өткен ойыннан (6:2) кейін MLS-те екі рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы, NEGE. Бұл кездесуде Месси бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Осылайша Месси MLS тарихындағы бір матчта бес нәтижелі пас берген алғашқы ойыншы болды. Ол сонымен қатар бір ойында алты ұпай жинаған алғашқы MLS футболшысы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуде уругвайлық шабуылшы Луис Суарес хет-трик жасаған болатын. Суарес те нәтижелі пас берді.