4 Мамыр 18:48

Қазақстанда тірі адамға ескерткіш орнатуға шектеу қойылады

Ескерткіш
Фото: ғаламтордан

Мәдениет және ақпарат министрлігі ескерткіш қою ережелерін дайындап шықты.

Алматы, NEGE.«Құрылыс мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды», - ашық талқылауға шығарылған деп жазылған бұйрық жобасында.

Сондай-ақ, жеке адамға арналған ескерткішті мемлекеттік орган орнатса, жұрт емін-еркін кіре алатын орынға қойылу керектігі айтылған.

«Жергілікті атқарушы органдардың монументтік өнер құрылыстарын орнатуы бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. Монументтік өнер құрылыстары Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде көрнекті тұлғаның болуын ескере отырып орнатылады. Құрылыстың жұртшылыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жеке ұйымдардың аумақтарында және жекелеген меншік иелері мен пайдаланушыларға тиесілі учаскелерде құрылысты орнатуға жол берілмейді», - делінген құжатта.