«Наруто» аниме-сериалының режиссері қайтыс болды

19 апреля, 14:33

Фото: ғаламтордан

Әйгілі жапон аниматоры, иллюстратор, "Наруто" аниме-сериалының режиссері Осаму Кобаяси 58 жасында қайтыс болды.\

Алматы, NEGE. Режиссер жұмада бүйрек қатерлі ісігінен қайтыс болды. Бұл туралы Осамудың Twitter-дегі парақшасында белгілі болды. Оның жанкүйерлері Желіде жаппай көңіл айтып жатыр.

"Кеше кешке мен жұмаққа ұшып кеттім. Мен бүйрек қатерлі ісігімен екі жыл бойы күрестім, бірақ, өкінішке қарай, жеңе алмадым. Әлі де істегім келген нәрселер мен аяқталмаған жұмыстарым қалғаны өкінішті. Қош болыңдар", - делінген жазбада.

Осаму Кобаяси BECK сериалдарының: Mongolian Chop Squad ("Бек"), "Наруто: Ураганные хроника", "Ателье Paradise Kiss" және Someday's Dreamers: Summer Skies жобаларын жүзеге асыруға қатысқан режиссер ретінде танымал.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации