Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта ашылады

04 мая, 17:05

Фото: 24.kz

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рет тұрақты рейспен ұшуға рұқсат етілді.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді «Air Arabia» әуе компаниясы 21 мамырдан қайта бастайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 әуе кемелерімен аптасына 3 рет (3, 5 және 7-ші күндері) орындалады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации