USD
USD
USD

Теннис: Жібек Құламбаева чемпион болды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мысыр астанасы Каирда өткен ITF турнирінің чемпионы атанды.

Теннис: Жібек Құламбаева чемпион болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Ж.Құламбаева сонымен қатар жекелей сында финалға дейін жетті.

Жібек италиялық Николь Фоссамен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, германиялық Наталья Седильская – босниялық Анита Хусаричті 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, болгариялықтар Петья Аршинкова – Гергана Топаловадан басым түсті – 6:0, 6:3.

Шешуші бәсекеде қазақстандық-италиялық жұпқа доданың 1-ракеткалары, ресейлік Элина Аванесян – румыниялық Оана Гаврила да қарсы тұрып жарытпады – 6:2, 6:3.

Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында биылғы екінші, спорттық жолындағы сегізінші табысына қол жеткізді.

Жекелей сында финалда Жібекке сәл-пәл сәттілік жетіспеді. Бұл жолы Э.Аванесянға 6:3, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Бұдан бұрын Жібек Элинаны өткен жылдың желтоқсанында дәл осы Мысырда ширек финалда ұтқан болатын – 6:3, 6:2.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк