USD
USD
USD

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Елордада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеуі мақсатында «Нұр-Сұлтан Барысы» жарысы өтті.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Кейінгі он жылда қазақ күресі Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында қанатын кеңге жайып, халықаралық аренаға шығып үлгерді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Төл спортымыз – қазақ күресін олимпиялық ойындар деңгейіне дейін көтеруге күш салуымыз керек», – деген тапсырмасы аясында қарқынды жұмыс жүргізіліп, бүгінде ұлттық күресіміз әлемнің 50-60 мемлекетінде тамыр жайып, дамып отыр» – деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен жарыс алдында.

Шілде айында елорда төрінде өтетін дүбірлі дода – «Қазақстан Барысы» туриниріне жолдаманы бабы келіскен 26 балуан сарапқа салды.

Тартысқа толы белдесулер нәтижесінде Олжас Шынкеев топ жарып, алтын белбеуді иеленді.

Екінші орын Айбат Сейтенге бұйырса, үздік үштікті Нұрбек Досмұханбетов қорытындылады. Жарыстың алтын және күміс жүлдесіне ие болған қос балуан «Қазақстан Барысында» астананың намысын қорғайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG