«Астана» алтыншы рет жеңіске жетті

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы турының алғашқы ойыны аяқталды.
Алматы, NEGE. Бірінші кездесуде «Ақтөбе» өз алаңында елордалық «Астана» командасын қабылдаған болатын.
Айта кетерлігі, елордалық клуб бұдан бұрын бес ойын қатарынан жеңіске жетсе, алаң иелері үш кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Сол себепті бүгін ақтөбеліктер алға қарай ұмтылатыны анық еді. Десе де барлығы өздері ойлағандай болған жоқ.
«Астана» бірінші кезеңнің өзінде екі гол соғып кетті. Оны Марин Томасов – 9, Валерий Чуперка 27-минуттарда өздерінің еншісіне жазды.
Кездесуде «Ақтөбе» қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді. Елордалық клуб аталған жеңісінен кейін турнир кестесінде 23 ұпаймен бірінші орында тұр.
Дәл қазір «Атырау» мен «Каспий» (Ақтау) командалары кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.
Әзірге алаң иелері 2;1 басым түсуде.