Серік Әбікенұлы, журналист: Біз – соқтасы ішінде жатқан қоғамбыз

16 апреля, 16:37

Фото: minber.kz

–  Осыдан 10-15 жыл бұрын ақпарат алу оңай еді.  Кез келген министр, министрдің орынбасары, шенеунік сіз жіберген сауалға үш күн ішінде жауап беруге міндетті болатын. Цензура ол кезде де болды. Тек бір БАҚ айта алмаған ақпаратты екіншісі жариялап жіберіп жататын. Ал қазір республикалық БАҚ та жүрсіз бе, өңірлікте жүрсіз бе, еш айырмашылық жоқ. Барлық БАҚ бір-бірінің көшірмесі ғана.

Мәселен, республикалық БАҚ Президент әкімшілігі, Үкімет берген ақпараттарға тәуелді болса, аймақтық БАҚ өзінің құрылтайшысы берген мәліметке тәуелді. Тәуелсіз көрінген барлық ақпарат құралының тасасында бір-бір мықты тұр.  

Жалпы қазіргі кезде ақпарат беру шектеулі, сондықтан да Қазақстан БАҚ-ы ақпарат құралынан гөрі пропагандалық құралға айналды. Ол жасыратын нәрсе емес. Денеңізге сыздауық шығып дәрігерге қаралсаңыз ол қандауырымен әлгі бітеу жараны жарып, соқтасын шығарып тастайды. Сонда ғана жара жазылады. Ал біз соқтасы ішінде жатқан қоғамбыз. Бүкіл БАҚ тек үгіт-насихатпен айналысады. Бір дерек табылса не асыра мақтап жібереміз, не асыра даттаймыз. Бұрынғы салиқалы көзқарас қазір журналистикадан кетіп қалды.

Minber.kz

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации