Төтенше жағдайлар департаментінің 150-ден аса қызметкері екпе алды

19 апреля, 14:15

Фото: ғаламтордан

Шымкентте түрлі сала өкілдеріне коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері короновирусқа қарсы вакцинациялауға белсенді қатысуда.

Департамент қызметкерлері облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы мен «Ай Нұры» емханасында вакцина салдырды. Дәрігерлердің нұсқаулықтары бойынша екпе салдырған ТЖ мамандары 30 минутқа дейін дәрігерлік бақылауда болды. Дәрігерлер алдын ала екпенің қандай әсері болатынын, сақтық шаралары туралы айтып, вакцинаның екінші дозасын алатын күндерін де белгілеп берді. Қазіргі таңда ТЖ департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің 150-ден аса қызметкері екпе алды.
Қалада екпе егу жұмыстары 38 бекетте атқарылуда. Қала тұрғындарын тіркелген мекенжайы бойынша тезірек екпе алуға шақырамыз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации