Шымкентте өнер ұжымының өкілдері екпе салдырды

20 апреля, 10:47

Фото: ғаламтордан

Шымкентте де екпе салатын бекеттер көбейді.

Шымкент, NEGE. Қазір медицина мамандары бұл істі ұжымдарға өздері барып жүзеге асыруға кіріскен. Мәселен, бүгін дәрігерлер Опера және балет театрында екпе салатын жылжымалы бекетті іске қосты. Айта кету керек, бұдан бұрын аталған ұжымда бір адамнан қатерлі вирус анықталған еді. Соған байланысты театр екі аптаға карантинге жабылды. Бұл жерде сондай ақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да келіп екпе салдыра алады. Ол үшін алдын ала жазылудың да қажеті жоқ. Қатерлі дерттен қорғанам дейтіндер кезекке тұрып екпе алады.

Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы: "Қазір біздің қоғамдағы ең талқылаудағы мәселе – барлығымыз вакцина салдыру үстіндеміз. Бүгінгі күні біздің Шымкенттің Опера-балет театрының ұжымына медбикелер келіп, вакцина салдырып жатырмыз. Барлығына ем, шипа болсын дегім келеді. Қоғамда қазір дүрлігіп, қаңқу әңгіме көп. Біреу сенімде болса, біреу сенімсіз. Енді бұл сақтанудың бір түрі, сондықтан қорықпау керек" деді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации