Шымкент: Жоғалған қызды 500-ден астам тәртіп сақшысы іздеді

03 мая, 12:56

Фото: google.com

Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар қызды тауып, ата-анасына табыстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы, NEGE. 2 мамыр күні Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын жүгініп, сол күні сағат 13:00 шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, жоғалып кеткенін айтқан.

Баланы табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтың дабыл қағуымен барлық аудандық полиция басқармасына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды.

Сондай-ақ іздестіруге кинологияның қызметтік иттері тартылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10-да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Отырар» шағынауданынан 1 шақырым жерден 3 жасар қызды аман-есен тапты. Балдырған ата-анасына жеткізілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации