Өткен тәулікте 2756 адамға вакцина салынды

19 апреля, 12:48

Фото: ғаламтордан

Шымкент қаласында өткен тәулікте ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды. 

Алматы, NEGE. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында қаламызда күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтуі керек делінген-ді. Ал егу науқаны басталғалы барлығы 63097 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 69, белгілері жоқ - 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%, 551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12).

Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін айта кетейік.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации