Қаратау ауданында ирригациялық арықтар мен көше жиектері тазалануда

04 мая, 17:26

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Қаратау ауданы аумағында да бұл жұмыстар ұдайы назарда. Қазіргі таңда аудандағы ирригациялық арықтар мен жиектерді тазалау жұмыстары атқарылуда. Күнделікті таңғы 5:30-дан бастап орталық көшелерді жуу және көше бойларын тазалау бойынша арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылған.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстарға Қаратау ауданы әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации