Тоқаев тағы бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

20 апреля, 12:47

Фото: ғаламтордан

Автокөлік жолдары комитетінің басшысы мен бірнеше әкімнің орынбасарлары президенттің республикалық жолдардың жай-күйі туралы айтқан сынынан кейін қызметінен кетті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уали мәлімдеді. Ол қазіргі таңда жол құрылысы жұмыстары ретке келтіріліп жатқанын айтты. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды», - дейді Берік Уәли. 

Берік Уәли бюджет қаржысын тиімді пайдалану туралы сөз қозғады. 

«Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр», - дейді Берік Уәли. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации