Нығматулин: Көпұлтты халықтың татулығы біздің басты байлығымыз

01 мая, 11:59

Фото: inform.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды халықтар достығының, бірліктің және бейбітшіліктің символына айналған 1 мамыр мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы.NEGE. «Барша қазақстандықтарды еліміздің татулығы мен тұтастығын бейнелейтін «Бірлік күні» мерекесімен құттықтаймын. Көпұлтты халықтың ырысы мен ынтымақтастығы және бейбіт өмірі - біздің басты байлығымыз. Сондықтан, осындай айтулы мейрам ұлттар арасындағы достықты одан әрі тереңдете түседі», - деді Нұрлан Нығматулин.

Осы ретте, Мәжіліс төрағасы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрқашан халықтың береке-бірлігіне, қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тыныштығына баса назар аударып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың негізін қалағанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытты одан әрі жалғастырып келе жатқанын айтып, барлық қазақстандықтарға, әрбір отбасына бақ-береке, молшылық, елімізге тыныштық тіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации