18 Мамыр 21:48

«Әртіс әкім». Даниал Ахметов өзін НЕГЕ жарнамалай бастады?

Фото:

«Үкімет отставкаға кетеді екен» деген гу-гудің фонында кейбір әкімдер белсене бастады. Алайда олардың алғашқыларының маңдайы тасқа тиіп үлгергендей. Бұған екі күн бұрын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары істі болғаны мысал.

Бүгін әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің әлдебір наразы топпен кездескен фотолары тарап кетті. Фотолардың бекерден-бекер тарамағаны анық. Өйткені әкім шабармандарымен, түсіру тобымен жүр.

Фотолардың әлеуметтік желіде жариялануы сол-ақ екен, қолдаушылары мақтай жөнелді. «Әрбір әкім осындай болса, шіркін!» деп тамсанды бірі. «Өмір көрген әкім ғой!» деп еміренді енді бірі. Қызды-қыздымен тағы бірі әкімнің алдында «шляпасын» шешіп тастады.

Алайда Даниал Ахметовтің мұнысын арзан популизмге балағандар аз емес. Бір оқырман: «Мынауың қол қусырып қарап тұр ғой!», – деп қыжыртса, тағы бірі: «Әртіс әкім!», – деп бір-ақ қайырған.

«Әртіс әкімнің» әрекетінен не қорытынды шығаруға болады? Бізде әкімдер өзін жарнамалауда алдына жан салмайды. Бір-бірімен бәйгеге түсуге бар. Соның бір мысалы осы – ШҚО әкімінің сәтсіз жарнамасы.

Тұрақты оқырмандарымыздың бірі Даниал Ахметов зейнет жасына әлдеқашан толса да, (маусымда 67-ге толады – ред.) жоғарғы биліктен әлі де күдерін үзбейтінін айтқан.

Кім білсін, бәлкім, «Данила Северный» (Ахметовтің лақап аты – ред.) өзі туып-өскен өңірдің тізгінін тағы бір мәрте ұстап, әкімдіктің зейнетін әбден көріп барып демалсам дейтін шығар...      

Тегтер: