USD
USD
USD

Әкім ән айтпайтын болды

Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы екі күнге 195 мың теңгеге караоке жалдамақ болып, желіні тағы жарды.

Әкім ән айтпайтын болды
Фото: NEGE.kz

Талдықорған, NEGE. Ішкі саясат басқармасына қарасты Jetisy Media әлдебір іс-шараға екі күнге караоке жалдау үшін 195 мың теңге төлемек болған. Мұндай тапсырыс мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды.

Белгілі болғандай, «Интернетсіз 7 күн» деп аталатын реалити-шоу форматындағы караоке-конкурс өткізбек болыпты. Алайда кейін мемлекеттік тапсырыс жойылған.

«Караоке қызметі Алматы облысының тұрғындары арасында іс-шара өткізуге арналды. Жобаның мақсаты – интернеттің күнделікті өмірдегі маңызын төмендету және одан тыс өмір өте қызық және пайдалы екенін көрсету. Бүгінгі ұрпаққа өмірді интернетсіз елестету қиын. Зерттеулерге сәйкес, адамдар ғаламторда, атап айтқанда әлеуметтік желілерде барған сайын көбірек отыра бастаған. Ұсыныс өшірілгеніне назар аударайық. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл іс-шара басқа форматта өтеді», – деп хабарлады Jetisy media өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

.