Қазақстанда корей фильмдерінің фестивалі өтеді

20 апреля, 09:20

Фото: ғаламтордан

2021 жылғы 21-25 сәуір аралығында корей фильмдерінің онлайн фестивалі өтеді.

Алматы, NEGE. Іс-шараны Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бес күнге жалғасатын аталған іс-шара аясында Корей мәдени орталығының ресми сайтында танымал корей режиссері Пон Джунхоның «Паразиттер» фильмі көрсетіледі. Айта кетейік, «Паразиттер» триллер элементтері бар комедиялық-драмалық фильмі Оскардың 6 номинациясына ілінген еді.

Нәтижесінде, 2020 жылы шығармашылық топ «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік түпнұсқа сценарий», «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациялардында 4 мүсіншені иеленді. Фестивальдің мақсаты – Қазақстан халқын корей кинематографы саласымен жақын таныстыру. «Біз пандемияға қатысты ахуал барынша жылдам жақсарғанын тілейміз. Биыл маңызды дата, яғни Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі іс-шаралар ескерілген. Жалпы, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдениет саласындағы байланыстар түрлі іс-шаралар арқасында жанданады деп сенеміз. Бұл тұрғыда екі ел халқының терең өзара түсіністігіне ықпал ететін болады», - деді Корей мәдени орталығынығ директоры Ли Херан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации