7 Сәуір 18:36

Коронавирус бизнесмендерге қыруар пайда әкелді

Фото:

Қаржы мен экономика тақырыбында шығатын Forbes журналы осы жылғы бай-шонжарлардың тізімін жариялады. Пандемияның жалпы бизнеске қалай әсер еткенін осы статистикадан байқауға болады. 

Алматы, NEGE. Биыл да көшті Джефф Безос бастап тұр. Басқа-басқа карантин Безостың бизнесін өркендетпесе, кері әсерін тигізе қойған жоқ. Өйткені, «Amazon» әуелден қашықтан жұмыс істеуге қолайлы, интернет сауданың қыр-сырын білетін компания. Сол себепті, 57 жастағы Джефф Безос былтырғы табысына +64 млрд АҚШ долларын қосты. Жеке капиталы 177 млрд долларға жетті. 

Ал, Қазақстандағы Форбс рейтингінің басында баяғыша Владимир Ким тұр. «Казахмыс» корпорациясының төрағасы карантин кезінде капиталын 900 миллион АҚШ долларға арттырды. Ким 4,6 млрд-пен әлемдік рейтингте 622 орында. Сондай-ақ, қазақстандық тізімге тағы 3 жаңа миллиардер қосылды. Олар «Kaspi» банкінің акционерлері Вячеслав Ким (3,3 млрд) мен Михаил Ломтадзе (2,3 млрд) және «Freedom Holding Corp» акционері Тимур Турлов (2,2 млрд).

Пандемия бір қарағанда бизнесмендердің оң жамбасына келген іспетті. Тізімді бастап тұрған барлық байдың қаржысы еселенген. Үздіктер қатырына жаңа есімдер қосылған. Мәселен, ресейлік бизнесмен Павел Дуров бір жылда 13,8 млрд долларға табысын арттырып, 17,2 млрд доллармен Ресейдегі үздік-10 байдың қатарына ілікті. 

Редакция ұжымы қызықты статистика ұсынды. Әлемде әр 17 сағат сайын 1 бизнесмен миллиардер атанған. Бұл дегеніміз былтырғы тізімге жаңа 660 миллардер қосылған. Олардың жалпы саны – 2755. 

Бір жыл ішінде қыруар қаржы тапқан бизнесмендер назарымызды аудартты. Мәселен, жоғарыда Павел Дуровты айттық. Осы уақытқа дейін оның жеке капиталы 3,4 миллард болса, 2021 жылы 17,2 миллиард болған. Осы секілді, аңыз адамға айналып үлгерген Илон Маск 365 күн ішінде табысын 126,4 млрд-қа арттырған. ол қазір 151 млрд Доллармен әлемдік рейтингте екінші орында.


Әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Чжун Шаньшань активтері бір жыл ішінде 68,7 миллардқа артқан. Жалпы байлығы 68,9 миллиард доллар. Негізгі табыс көзі – «Wantai» корпорациясы. Ол коронавирусқа және жалпы медицинаға арналған тестер мен вакцина өндіреді. Одан бөлек «Nongfu Spring» бөтелкеегі ауыз су өндірісімен айналысады. 

Тегтер: