6 Наурыз 10:33

Жұмада жауын-шашын

Фото:
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне

сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «ҚР басым аумағына антициклон ықпал етеді, соған байланысты республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өтіп бара жатқан циклонмен бірге Қазақстанның қалған аумағында кей жерлерде қар жауады, оңтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жаңбыр болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жаяу сырма, жел күшейеді, оңтүстігінде көктайғақ және шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. солтүстіктен екпіні 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -10-12, түнде -14-16.

Алматыда бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, жылымық қар). 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+5, түнде 0 шамасында.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде -1+1.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +5+10, түнде -2+3.

Түркістан облысында күндіз жаңбыр күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде -1+4.

Қостанай облысында күндіз тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -13-18.

Алматы облысында аздаған жауын-шашын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -4+1.

Ақмола облысында күндіз жаяу сырма күтіледі, түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -9-14, түнде –12-17.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -12-17.

Павлодар облысында кей жерлерде қар күтіледі, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -9-14, түнде -10-15.

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман түседі, күндіз кей жерлерде 18 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12 (оңтүстігінде -2), түнде -10-15 (оңтүстігінде -7).

Ақтөбе облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -10-15.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде 0-5.

Атырау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде -3+2.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +12+17, түнде 0+5

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз +5+10, түнде -4+1.

Шығыс Қазақстан облысында қар күітледі. Күндіз -2-7, түнде -10-12.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде және Қазалы ГБ ауданындағы Сырдария өзенінде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді және су деңгейі көтеріледі. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

 

Тегтер: