25 Мамыр 21:21
Жоғалған 4 жасар бүлдіршін табылды
Алматы облысы Қапшағай қаласында полицейлер жоғалған төрт жасар бүлдіршінді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Бір сәтке кішкентай қызынан көзін таса қылған анасы қызын жоғалтып алған.
– Әйел өз бетінше іздеуді бастаған, алайда еш нәтиже шықпаған. 2-ықшамауданды патрульдеп жүрген “Бүркіт 258” патрулі шарасыз қалған ананы байқап, бүлдіршінді іздестіруді өз қолдарына алған. Нәтижесінде бір сағат ішінде қыз көрші шағынаудандағы жүру бөлігінің бойынан табылды. Кішкентай Айша аман-есен анасының қолына табысталды, – дейді Қапшағай қаласы Полиция басқармасының басшысы Манат Айтмуханбетов. Полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларына қырағы және мұқият болуға шақырады.