22 Қазан 15:14

Жерде қуатты магниттік дауыл басталды

Фото:

Ғалымдар Жерде ең қуатты магниттік дауыл болатынын болжады.

Алматы, NEGE.  20-29 қазан аралығында геомагниттік өріс бұзылатыны айтылған. Ол 25 қазанда шарықтау шегіне жетеді деп күтіледі. Сарапшылар 20-24 қазан мен 27-29 қазан аралығында магниттік дауыл әлсіз болатынын, ал 25 және 26 қазанда дауыл қуатты болатынын атап өтті. Сонымен қатар ауа-райына сезімтал адамдарға магниттік дауылдар айтарлықтай әсер етеді.

Оларда шаршағыштық, бас ауруы болады және өз сырқаттарының өршуі мүмкін. Мамандар магниттік дауыл кезінде шамадан тыс жұмыс істемеуге, ұйқыны қандыруға, алкогольден, кофеині бар сусындардан, майлы және ауыр тағамнан бас тартуға кеңес береді.

Физикалық белсенділікті азайтқан жөн. Бөлмені жиі желдетіп, шөптен жасалған шай ішу керек. Магниттік дауылдан қалай сақтану керектігі туралы жазған болатынбыз.

Тегтер: