27 Қараша 11:38

Жеңіл көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті

Фото:

Алматыда жолаушы мінген жеңіл автокөлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті.

Алматы, NEGE. Жол апаты 26 қарашада сағат 22:40-та болған.

«Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі Жаңа жол көшесімен батыс бағытта келе жатып, қарама қарсы бағытқа шығып кеткен. Жолда «Renault Logan» көлігіне соғылған. Соққыдан «Renault Logan» Үлкен Алматы каналына түсіп кеткен. Жол апатынан жолаушы мен жүргізуші жапа шекті. Олар медициналық мекемеге жеткізілді», - деді Алматы қалалық ПД басқарма басшысы Олжас Шәріпов.

Қазір бұл оқиғаның мән жайын Алатау аудандық ПБ анықтап жатыр.

Тегтер: