23 Қараша 14:05

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Фото:

Желтоқсанда қазақстандықтар бірден екі мерекені атап өтеді.

Алматы, NEGE. 1 желтоқсанда елімізде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Бұл күн демалыс күні болып саналады.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне бірден төрт күн түседі - 16, 17, 18 және 19 желтоқсан. Бұл жағдайда жұма - 18 желтоқсан 20 желтоқсан - жексенбіге ауыстырылады. Сонда жексенбі күні жұмыс күні болып есептеледі.

Желтоқсанда барлығы 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар.

31 желтоқсан жұмыс күні екенін атап өткен жөн.

Тегтер: