15 Ақпан 13:39

Желідегі сурет арқылы 50 адамның атынан несие рәсімдеген

Фото:

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Базарбайұлы Нұрмағамбетов интернет алаяқтық туралы айтып берді.

Алматы, NEGE. Пандемия басталғалы бері онлайн саудадан зардап шегетіндердің қатары күннен-күнге артып келеді. 

"Ең көп тараған интернет-алаяқтық түрі: тауар сату немесе қандай да бір қызмет түрін ұсыну туралы хабарлама жариялау. Алаяқтар әдейі тауардың бағасын арзандатады немесе тез жеткіземіз деп алдайды. Сатып алушылардан арнайы дайындап қойған адамның есепшотына ақшаны ішінара немесе толық аударуды сұрайды", - деп түсіндірді ол. 

Нұрмағамбетов бірнеше оқиғаларға мысал келтіріп, халықты сақ болуға шақырды. Мәселен, Шымкент тұрғыны желідегі сурет арқылы 50 адамның атынан несие рәсімдеген.

"Осылайша Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Instagram желісінде IPhone сатамын деп алдаған алаяқ жас жігітті ұстады. Ол 15 рет алаяқтық жасап, 3 миллион теңгеге жуық залал келтірген. Микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие алу көбейіп кетті. Мысалы, Шымкент тұрғыны құжат табылды деген хабарламаны көреді. Содан кейін суреттен адамның жеке куәлігіндегі деректерді пайдаланып, алаяқ түрлі облыстан 50-ден аса адамның атынан несие алған", - деді ол.

Тегтер: