9 Ақпан 15:23

Жасөспірімдер неге төбелесті?

Фото:

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті 8 ақпан күні әлеуметтік желілерде кең таралған бейнежазбадағы жасөспірімдер төбелесінің мән-жайын анықтады. 

Алматы, NEGE. Әбілқайыр хан даңғылы 179-үй маңында төбелес алты жасөспірімнің төбелесіп жатқанын көруге болады. Кешқұрым әр тараптан үш жасөспірімнен шығып, өзара «шайқасып» жатыр. Оларды 15 шақты жасөспірім қоршап тұр. ПД мәліметінше, төбелеске қатысқандар қаладағы мектептердің бірінде оқитын 2003-2004 жылғы жасөспірімдер. Куәлер де анықталды. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Тегтер: