5 Мамыр 17:33

Жаңбыр жауып, күн суытады

Фото:

«Қазгидромет» РМК 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Алматы, NEGE. Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстан аумағына батыс антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін қатқақ болады, күндіз 15-20 градусқа дейін жылы болады. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күндізгі температураның 20-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді.

Тегтер: