26 Сәуір 14:14

Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың аяғы ауыр екенін айтты

Фото:

Өнер иесі жақында әже атанбақ. Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанова "Маска" бағдарламасының түсірілімі кезінде қызы Айжұлдыз Адайбекованың аяғы ауыр екенін айтып қойды.

Алматы, NEGE. Жанар Айжанова "Маска" шоуының кезекті түсірілімі барысында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Жоба жүргізушісі Жахан Отарғалиев оған көбелек кейпінде ән салған арудың Айжұлдыз болуы мүмкін екенін айтты.

Алайда, актриса бұл жайтты бірден жоққа шығарды. Себебі, ол қызын ішінен бірден танып қоятынын алға тартты.

"Менің қызым басқаны жасырса да, қарнын жасыра алмайды. Оның аяғы ауыр. Оны бәрібір біліп қоямын мен" , - деді Жанар Айжанова.

Өнер иесі Айжұлдыздың жақында алғаш рет ана атанатынын айтқан сәті Instagarm желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. 

Тегтер: