9 Ақпан 13:46

Жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, 4 млн теңгесін алып кеткен

Фото:

Елордалық алаяқ Жаңаөзен тұрғынынан жұмысқа тұрғызу үшін 4 млн теңге ақша алған, деп хабарлады Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, басқа қаладан келген ер адам оны жұмысқа орналастыруға уәде беріп, көмегі үшін одан алдын ала 4 млн теңге ақшасын алған. Алайда уәде етілген жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілмегендіктен, қала тұрғыны алданғанын ұғып, полицияға шағымданған. Жедел уәкілдер осы іске қатысы бар деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, аталған азамат полицияға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: